Қазақша Русский
КІТАПТАРДЫ ІРІКТЕУ - 2023
Ақпараттық жүйесі
"Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату"
мемлекеттік бағдарламасы

Баспалар мен авторлар назарына!

Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңына 2020 жылдың 2 қарашасында енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасына өтінімдер қабылдау және алдын ала іріктеу жұмыстарын жүргізу міндеті Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жүктелген.

Осыған орай, «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасына ұсынылатын кітаптарды қабылдау басталды. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 1 маусымына дейін жалғасады.

Бағдарлама ережесімен және онлайн іріктеу талаптарымен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ресми сайтындағы «Кітаптарды іріктеу – 2023» айдарына өтіп таныса аласыздар.

Құжаттар мен ұсынылған шығармалар келесі кезең – дауыс беру кезеңіне жіберіледі. Дауыс беру кезеңі 2022 жылдың 4 маусымнан 31 шілдеге дейін жалғасады. 

Ескерту: Оқырмандар дауысының қорытындысын ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы жанындағы Тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелері ескереді. Оқырмандар дауысының қорытындысы шешуші рөл атқармайтынын ескертеміз.  Сарапшылардың шешімі қайта қаралмайды.

Байланыс телефондары: 8-727-397-61-97, 8-775-815-96-00


Қолжазбаға қойылатын талаптар

 
Сайт "Интерактивті мектеп" платформасында жұмыс істейді